Парламентте 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебі қабылданды

Парламентте 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебі қабылданды

 Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін қабылдады деп жазады Democrat.kz.

Есепті кезеңде Үкімет негізгі бюджеттік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етті. Шығыстардың әлеуметтік бағыты сақталды, ұлттық жобаларды жүзеге асыру жалғасып жатыр. Сондай-ақ экономикалық өсуді қолдау, халықтың табысын арттыру және мемлекеттік қаржының орнықтылығын нығайту шаралары қабылдануда.

2025 жылдың қорытындысы бойынша ел экономикасы тұрақты оң серпінді сақтап қалды, ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады. Құндық мәнде, жалпы ішкі өнімнің артуы $15 млрд-ты құрады. Экономикалық өсу аясында орташа айлық жалақы 442 мың теңгеге жетті, бұл ретте жұмыссыздық деңгейі жыл бойы 4,6% деңгейінде сақталды.  Орташа айлық жалақы 442 мың теңге деңгейінде қалыптасса, жұмыссыздық жыл бойы 4,6% деңгейінде сақталды. Еңбекақының ЖІӨ-дегі үлесі шамамен 30%-дан асты. Алдағы уақытта жұмыс осы көрсеткішті орташа әлемдік деңгейге 40% жақындатуға бағытталады.

Дереккөз: UKIMET

Барлық жаңалықтар