Министр Жұлдыз Сүлейменованың үстінен кімдер қандай арыз түсіргені мәлім болды

Министр Жұлдыз Сүлейменованың үстінен кімдер қандай арыз түсіргені мәлім болды

Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың үстінен бір топ кісі арызданып, Президентке арнайы шағым жолдағаны туралы сайтымызда хабарлаған болатынбыз. Арызды нақты кімдер жазғаны, шағымда не айтылғаны енді мәлім болды деп жазады Democrat.kz.

Еске салып өтейік, бірер сағат бұрын сайтымызда белсенді педагог Гүлнар Мансұрқызының әлеуметтік желіде Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың үстінен шағым түскені туралы жазбасы жарияланған болатын. Жазбада белсенді педагог жолданған шағымның көшірмесін көрсетпеген болатын. 

Арада аз уақыт өтер-өтпес, редакциямызға аты-жөнін көрсетпеуді сұрап хабарласқан білім саласының маманы министрдің үстінен түсірілген шағымның төмендегі көшірмесін жолдады. 

Әзірге бұл шағым хат туралы Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ешқандай ресми түсініктеме бермеді.

 

Барлық жаңалықтар