15 қарашада Қазақстанда Ұлттық валюта күні және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті. Биыл теңгенің айналымға енгізілгеніне 33 жыл толды, деп жазады Democrat.kz.
1993 жылғы 12 қарашада ұлттық валютаны енгізу туралы жарлыққа қол қойылып, үш күннен кейін — 15 қарашада теңге ресми түрде айналымға шықты. Бұл елдің экономикалық тәуелсіздігін нығайту жолындағы маңызды қадамдардың бірі болды.
Алғашқы банкноттардың дизайнын әзірлеуге Меңдібай Әлин, Тимур Сүлейменов, Әбілсалы Дүзелханов және Хайролла Ғабжалилов секілді мамандар қатысты. Банкноттардың алғашқы партиясы Ұлыбританияда басылған. Теңгенің енгізілуі дербес ақша-несие саясатын жүргізуге және ұлттық қаржы жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Ұлттық валютаның тарихы ел экономикасының қалыптасу кезеңдерімен тығыз байланысты. Теңгенің бағамы, инфляция деңгейі мен сатып алу қабілеті халықтың күнделікті тұрмысына тікелей әсер етеді. Сондықтан Ұлттық валюта күні тек тарихи оқиға ретінде ғана емес, қаржылық тұрақтылық пен экономикалық тәуелсіздіктің маңызын еске салатын мереке ретінде де аталып өтеді.