Қазақстанда бакалаврды 2,5 жылда бітіруге мүмкіндік берілуі мүмкін

Қазақстанда бакалаврды 2,5 жылда бітіруге мүмкіндік берілуі мүмкін

Қазақстан университеттерінде бакалавриат бағдарламаларын 2,5–3 жыл ішінде аяқтауға мүмкіндік беретін қысқартылған оқу форматы кеңейтілмек, деп хабарлайды Democrat.kz.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламалары мазмұнының 92 пайызына дейін өз бетінше қалыптастыру мүмкіндігі берілген. Бұл оқу мерзімін де икемдеуге жол ашады. 

Министр әсіресе IT және жасанды интеллект саласында төрт жылдық оқу бағдарламасының тым ұзақ болуы мүмкін екенін айтты. Себебі бұл бағыттардағы технология бірнеше жылдың ішінде айтарлықтай өзгеріп кетеді. Сондықтан 2,5 және 3 жылдық бакалавриат бағдарламаларын сынақтан өткізуге мүмкіндік беріліп отыр. 

Сонымен бірге жоғары колледждермен бірлесіп қолданбалы бакалавриат моделін дамыту ұсынылған. Болашақта студент колледжде мамандық алып, кейін университетте модульдік форматпен оқуын жалғастыра алады. 

Барлық жаңалықтар