ТикТок әлеуметтік желісінде Маябасова деген атпен тіркелген желі қолданушы МузАрт тобының әншісі Мейрамбек Беспаевқа қатысты сұмдық суреттермен бөлісті деп жазады Democrat.kz.
Mayabasova13 деген атпен ашылған ТикТок аккаунтта "өз баласымен қалай хабарласпауға болады?" Деген сұраумен Мейрамбек Беспаевқа қатысты делінген суреттер жарияланды.
Суреттердің бірінде кішкентай баланың да бейнесі бар.
Жұрт бұл суреттерге қатысты "Мейрамбектің баласы болудың өзі абырой ғой", "баласы өзіне қатты ұқсайды екен", "некесіз туған ұлы ма?", "ұқсамайды Мейрамбекке", "балаға обал" дегенге саятын пікір жазуда.

