Блогер Жұлдыз Жауынбаева, былайғы жұртқа Жузи деп танылған қыз осыған дейін айта алмай келген бар сұмдықтарын жайып салды деп жазады Democrat.kz.
Жузефина әлеуметтік желідегі тікелей эфирде еліміздің танымал жігіттерінің өзіне не жасағанын, кіммен қандай жағдайы болғанын кеше айтқан. Қайрат Нұртастың інісі Заңғармен не істегенін, Мейрамбек Беспаевпен не істегенін жайып салған. Бұл туралы Democrat.kz. жазды.
Бүгінгі видеосында Жузефина: "Әкем мені зорлаған. Бұны бізді танитындардың бәрі біледі. Тіпті мұғалімдерім де біледі.
Әкемнің үстінен арыз жазғызбай, "айтпа, үндеме" деп бәрі аузымды жауып отыр. Бүкіл Арқалықтың РУВД, полицииялары біледі.
Айбек Қалиев, сіз де бәрін білесіз ғой, неге үндемей отырсыз? Менің зорланғанымды көзбен көрген Мұхамеджанова Ғивазды біле тұрып, неге үндемей отырсыз?" Деп енді үнсіз қалмайтынын жасырмады.