Дубайға ұшатын жолаушыларға маңызды ақпарат: екі қазақстандық әуе компаниясы рейстерін тоқтатты

Дубайға ұшатын жолаушыларға маңызды ақпарат: екі қазақстандық әуе компаниясы рейстерін тоқтатты

Air Astana мен FlyArystan Дубай бағытындағы бірқатар рейстің тоқтатылу мерзімін 30 қыркүйекке дейін ұзартты, деп хабарлайды Democrat.kz.

Компаниялар мұндай шешімді Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты қабылдаған. Air Astana Алматы мен Астанадан Дубайға ұшатын рейстерін тоқтатуды ұзартты. Қазан айындағы рейстер кестесіне де өзгерістер енгізілген. 

Рейсі тоқтатылған жолаушылар билетін 20 қарашаға дейін сол қызмет көрсету класында тегін қайта брондай алады немесе билеттің толық құнын қайтарып ала алады. Басқа халықаралық бағытқа ауысуға да мүмкіндік берілген, бірақ тариф айырмасы болса, оны жолаушы төлейді. 

FlyArystan Ақтау–Дубай–Ақтау рейстерін де 30 қыркүйекке дейін тоқтатты. Қазіргі жоспар бойынша бұл бағыттағы билеттер 3 қазаннан бастап қайта сатылмақ.

Барлық жаңалықтар