Қазақстанда ит пен мысыққа чип салу міндетті болады

Қазақстанда ит пен мысыққа чип салу міндетті болады

Қазақстанда иттер мен мысықтарды есепке алу тәртібі өзгереді. Енді оларды тіркеу кезінде микрочип міндетті сәйкестендіру құралына айналады, деп хабарлайды Democrat.kz.

Бұған дейін жануар иесі есепке алу құралын өзі таңдай алатын. Жаңа талап бойынша ит пен мысық міндетті түрде чип арқылы тіркелуі тиіс. Басқа үй жануарларына қатысты сәйкестендіру құралын иесінің өзі таңдайды. 

Чип қойылғаннан кейін жануар туралы ақпарат базаға енгізіледі. Онда иесінің ЖСН-ы мен байланыс деректері, жануардың тұқымы, жынысы, түсі, жасы, вакцинациясы мен стерилизациясы туралы мәліметтер қамтылады

Барлық жаңалықтар