Қазақстандық қатерлі ісікке қарсы дәрі 2027 жылы қолданысқа шығуы мүмкін

 Қазақстандық қатерлі ісікке қарсы дәрі 2027 жылы қолданысқа шығуы мүмкін

Қазақстанда әзірленген DVC қатерлі ісікке қарсы препараты клиникалық сынақтың екінші кезеңінен өтіп жатыр. Егер қажетті процедуралар сәтті аяқталса, дәріні тіркеу процесі басталып, ол 2027 жылы қолданысқа енуі мүмкін, деп хабарлайды Democrat.kz. 

Қазіргі сынақ Астанада жүргізіліп жатыр. Ғалымдар препараттың қауіпсіз әрі тиімді мөлшерін анықтап, әртүрлі дозаның адам ағзасына әсерін зерттеуде. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бұл кезеңді жыл соңына дейін аяқтап, алдын ала тіркеуге құжат беруге ниетті екенін айтты. 

Бұған дейін бірінші кезеңге қатысқан науқастардың барлығы тірі қалғаны және кейбір пациенттерде ісік көлемінің азайғаны хабарланған. Алайда бұл нәтижені препараттың тиімділігі толық дәлелденді деп қабылдауға болмайды: DVC әзірге эксперименттік препарат, клиникалық сынақтар аяқталған жоқ. 

Барлық жаңалықтар