Жеті метр биіктіктен құлаған бала: оқиғадан кейін ғана көпір жөндеу жеделдеген

Жеті метр биіктіктен құлаған бала: оқиғадан кейін ғана көпір жөндеу жеделдеген

Шығыс Қазақстан облысының Ново-Ульбинка ауылында ескі ағаш көпірден құлаған бала ауыр жарақат алған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, елді мекеннің екі бөлігін байланыстыратын бұл көпір ұзақ уақыттан бері жөндеуді қажет еткен, деп хабарлайды Democrat.kz. 

Көпірді жөндеу жұмыстары маусымда басталғанымен, аяқталмаған. Сол аралықта бала көпірдің ашық жерінен төмен құлап, шамамен жеті метр биіктіктен тастардың үстіне түскен. Анасының айтуынша, баланың өкпесіне де зақым келген. Қазір ол медициналық көмек алғаннан кейін үйіне шығарылған. 

Глубокое ауданы әкімдігі тұрғындарға жөндеу жүріп жатқанын ескерткенін және қараңғы уақытта көпірді пайдаланбауды сұрағанын мәлімдеді. Алайда оқиғадан кейін жөндеу қарқыны күрт артқан. 18 тамызда көпірдегі ашық тесіктер жабылған. Тұрғындар жаңадан салынған кей тақтайлардың жарылып үлгергенін де айтқан. 

Барлық жаңалықтар