"Сүйінші хабарымыз бар" деп әлеуметтік желіде жазба жариялап, бірнеше күннен бері оқырмандарын елеңдетіп қойған әнші Жігер Ауыпбаев кеше "кішкентай қызын" ұзатып, қолына қондырды деп жазады Democrat.kz.
Еске салып өтейік, әнші Жігер Ауыпбаев бұрынғы отбасынан кетіп, әйелінен ресми ажырасқан болатын. Бұрынғы әйелінде бес баласы бар деген де сөз бар.
Әнші көп ұзамай "Мумина" есімді өзінен он бес жас кіші қызбен көңіл жарастырған болатын.
Міне, сол кішкентай қыз Муминаны кеше Жігер Ауыпбаев ұзатып алып кетті. Әлеуметтік желіде тараған видеода Муминаның жүрісі мен тұрысында әлдебір өзгеріс барын көзі қырағы көрермен бірден байқап қойғандай.
"Аяғы ауыр", "дардай еркек, титтей қызды алып...әйеліне обал", "қыз мәз әйтеуір", "бақытты болсын" десіп, жұрт пікір жазуда.