Кеше кәсіпкер Жұмабек Жанықұловтың бұрынғы әйелі Жанна Жанықұлова мәлімдеме жасап, күйеуі басқа әйелге кетіп, бес баласымен түксіз қалғанын айтқан еді. Артынша Жұмабек Жанықұловтың өзі "ондай емес" деп шықты. Енді Жұмабек Жанықұловпен ресми некесін қиған Динара Сәтжан "өз шындығын" айтты деп жазады Democrat.kz.
Еске салып өтейік, бес баласы бар, жиырма жылдық шаңырағынан кеткен Жұмабек Жанықұлов елге танымал блогер Динара Сәтжанға үйленген болатын.
Арада біраз уақыт өткенде, кәсіпкердің әйелі дүние бөліс үшін соттасып жатқандарын айтып, ел алдына шықты. Әйтсе де, Жұмабек Жанықұлов "бәрі заң аясында" деген мәлімдемесін жасады.
Бізде ақшасы бар адамның "заң аясында" нелер жасай алатынын бесіктегі бала да білетінін ескерсек, кәсіпкердің мәлімдемесі жұртты аса сендіре қоймағаны анық.
Көп ұзамай, тікелей өзіне де сөз келіп жатқанын білген Динара Сәтжан әлеуметтік желідегі сторисында "Түйін шығармас бұрын екінші жақты да тыңдау керек! Оның да өз шындығы бар. Басқаның баласына қамқорлық жасап жүрген, балаларға жатақхана салып берген адам өз баласына қарамай қояды деп қалай ойлайсыңдар? Өздерің білмейтін нәрсені сөз етпеңдер! Сыни ойлау дегенді қосыңдар!" Деп жазба бөлісті.

