Блогер Жузефина:"Ұят видеомды Абай Бегейдің қызы таратып жіберді" (ВИДЕО)

Блогер Жузефина:"Ұят видеомды Абай Бегейдің қызы таратып жіберді" (ВИДЕО)

Танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева бұған дейін ешкімге айтпаған бір құпиясымен бөлісті. Қоғамды шулатқан блогерің даулы видеосын әнші Абай Бегейдің қызы таратып жіберген екен деп жазады Democrat.kz.

 Жұртқа "Жузефина" деген атымен танымал блогер былтыр қоғамды шулатқан "Құранды рэппен" оқыған видеосына қатысты:

"Өз ортамызда ойнап, күліп, әзілдесіп, жарыс болған. Сол жарыста жеңіліп бара жатқан соң, ойыма Құранды рэп қылып оқу келді.

Құдай куә ғой, ойымда дінді мазақ ету сияқты ой болмады. Бар болғаны жарыста жеңуді ойладым. 

Кейін қарасам, ертесіне сол видеом ақпаратқа шығып кетіп, жұрт шулап жатыр екен. 

Бірнеше жерге хабарласып жүріп, видеоның қалай жарияланып кеткенін анықтадым. Сөйтсем, әнші Абай Бегейдің қызы таратып жібергенін білдім. Ол қызға хабарлассам, "мобилограф салып жіберген" деп...ақырында әйтеуір солай сөзге ілініп кеттім", деді. 

Барлық жаңалықтар