Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желіде тренд түсіретін белсенді педагогтарға қатысты пікір білдіріп, мәлімдеме жасады деп хабарлайды Democrat.kz.
"Әлеуметтік желіде тренд түсіретін педагогтарға қатысты не айтасыз?"деген журналистің сұрағына министр өз пікірін төмендегіше түйіндеді.
"Біз мұны талқылаудамыз. Негізі сабақ барысында, мектеп барысында мұндай дүниелерді түсірудің бәрі оқу процесіне кері әсерін тигізбеуі керек.
Өзім де әлеуметтік желілерде ашық министрдің қатарындамын. Өзім де жұмыстан кейін ғана контент түсіремін. Сондықтан контентпен әуестенетін барлық белсенді ұстаздарымыз оқу процесіне кедергі келтірмейтін уақытта жасалуы керек" деді министр.