"Қазақ әдебиетінен кетем, мүшелік билетімді де кері қайтарам" деген танымал ақын мәлімдеме жасады

"Қазақ әдебиетінен кетем, мүшелік билетімді де кері қайтарам" деген танымал ақын мәлімдеме жасады
Танымал ақын Сүндет Сейітов қазақ әдебиетінен кететінін мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.
 
"Иә, мен қазақ әдебиетінен кетемін. Сіз бәлкім “осы-ақ жүрген бір қиял” дерсіз, жоқ, бұл жүрек сөзім! Саналы түрде шешім қабылдадым. Мүшелік билетімді одаққа қайтарамын.
 
Бірі күлер, кейбірі не істесе де, өзі білер…
Бұның себебін іздерсіз, өзімнен сұрарсыз, себебі өте көп. Бірақ қысқаша жауап берейін: бұл менің ортам емес, қоғамым емес. Болашақта топырағым да өз туған жерімнен бұйырар…
 
Жақсы өлең жаза бастаған уақытымнан есептесем, бас-аяғы 15 жыл жүріппін. Бұл он бес жылда бірнеше кітап шығардым, мүшәйраларда жүлдегер болдым, майда-шүйде премияны да алдым, аударма да жасадым, ұйымдастырушы ретінде түрлі ірі жобаларды да істедім.
 
Мен өз әдебиетіме адал болдым! Адал болғаным үшін осындай шешім қабылдадым.
 
Енді мен жазу-сызуға кәсіп ретінде қараймын. Бәлкім оңаша қалғанда “айхооу” дейтін хоббиіме айналар. Мен бұл қоғамда қарапайым кітапханашы боламын. Осы салада жүріп-ақ өз әдебиетіме жұмыс істеймін. Ұрандаудан, далақтаудан, жалпақтаудан, салпақтаудан бойымды тазартамын.
Қош болыңыздар!" деп жазды Сүндет Сейітов
 
Барлық жаңалықтар