Қазақ журналистикасының ардагері Әмірхан Меңдеке құрметті марапатқа ие болды

Қазақ журналистикасының ардагері Әмірхан Меңдеке құрметті марапатқа ие болды

Танымал әдеби сыншы, мықты журналист Әмірхан Меңдеке ҚазҰУ-дің 105 жылдық мерейтойында мерейлі марапатқа ие болды деп жазады Democrat.kz.


Бүгін ҚазҰУ-де өтіп жатқан университеттің 105 жылдық мерейтойында танымал әдеби сыншы, қазақ журналистикасының майталман маманы Әмірхан Меңдекеге "Ерен еңбегі үшін" төсбелгісі тағылды.

Әмірхан Меңдеке журналист, әдеби сыншы. 1956 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысының Түлкібас ауданында дүниеге келген. 

1979 жыл Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. Әр жылдары «Мектеп» баспасында аға редактор, «Қазақ әдебиеті» және «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде бөлім меңгерушісі, «Қазақ радиосының» бас директоры, «Қазақ әдебиеті» газетігазеті бас редакторының орынбасары болды, Қазақстан Республикасы Үкіметі аппаратының аға кеңесшісі болып жұмыс атқарды. «Жас Алаш» газеті бас редакторының орынбасары. 2024 жылдың қыркүйегінен бастап, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті оқытушысы.

Барлық жаңалықтар