Қуат Найман ресейлік әзілкешті жақтап мәлімдеме жасады

Қуат Найман ресейлік әзілкешті жақтап мәлімдеме жасады

Қуат Хамитов қоғамды Нұрлан Сабыровтың ісіне байланысты «адамгершілікке келуге» шақырып, оны жақтап видео жариялады деп жазады Democrat.kz.

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында комиктің таңдауына назар аударып: «Табысы жеткілікті адам шетелде жайлы өмір сүре алар еді. Алайда ол Қазақстанды таңдады.

Ендеше, неге ұсақ-түйекке тексеріс жүргізіп, адамгершіліктен аттап көшеміз?» -деді.

Файтер қазақстандықтарды бірлікке үндеп: «Біз бір-бірімізге жау емеспіз. Әйтпесе сырттан жау іздемей-ақ, өзіміз өзімізге қарсы шығып барамыз. Қайда бара жатқанымызды ойланатын уақыт келді»,-деп мәлімдеді.

Барлық жаңалықтар