Қыздарды IT-мамандығына тегін оқытады

Қыздарды IT-мамандығына тегін оқытады
Бағдарлама 16 мен 25 жас аралығындағы қыздарға арналған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Tech girls бағдарламасының іске қосылғанын Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Азиза Шөжеева хабарлады. Бағдарламаның мақсаты – қыздардың цифрлық білімін арттыру, кодсыз және төмен кодты бағдарламалау негіздерін үйрету, оларды STEM-ге тарту. Сондай-ақ осы бағдарлама аясында қыздар мансапты жоспарлау, сұхбаттан өту және армандаған жұмысына тұру туралы білім алады, - деді ол. Tech girls ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның, Astana Hub халықаралық технопаркі мен Techno Women қауымдастығының бастамасымен жүзеге асырылмақ. Tech girls бағдарламасына өтініштер 2024 жылдың 7 ақпанынан 1 наурызына дейін осы сілтеме бойынша қабылданады. Фото ашық дереккөзден алынды.
Барлық жаңалықтар