Танымал әнші, марқұм Роза Бағланованың келіні Марал Бағланова енесінің құпия сырларын айтып, жұртты таңғалдырды деп жазады Democrat.kz.
Марал Бағланова атақты әншінің келіні болудың да өзіндік ерекшеліктері барын айтып: "Жұрттың бәрі ол кісіні сүтке шомылады деп ойлайды екен. Бір сұхбатында да өзі солай деген екен.
Алайда ол кісі жұмыртқаның ақ, сары уызын араластырып, соны матаға төгіп, езіп, бетін сонымен сүртетін.
Бетін кәдімгі кір сабынмен жуатын. Сүтке шомылғанын еш көрген емеспін. Бетін шүберекпен жуатын. Крем жағатын. Бірақ тек француз кремдерін жағатын" деді.