Қызылорда облысында жол ережесін бұзудың мыңға жуық дерегі дронмен анықталды

Қызылорда облысында жол ережесін бұзудың мыңға жуық дерегі дронмен анықталды

Қызылорда облысының полициясы жол қозғалысын бақылау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланып келеді. Жыл басынан бері олардың көмегімен жол ережесін бұзудың мыңға жуық дерегі анықталған, деп жазады Democrat.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ведомство қарамағында осындай 12 аппарат бар. Олар жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық тәртіпті бақылауға қолданылады.

Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент автожолының бойында дрондардың көмегімен 171 құқықбұзушылықтың жолы кесілген. Аппараттар жоғары сапалы камералармен және жылу түсіргіштермен жабдықталған.

Дрондар полиция қызметкерлеріне үлкен аумақты әуеден бақылауға және жағдайды жылдам бағалауға мүмкіндік береді. Мұндай технологияларды қолдану жолдағы қауіпті әрекеттерді анықтауға көмектескенімен, құқықбұзушылықтарды тіркеу кезінде заң талаптары мен азаматтардың құқықтары да сақталуы тиіс.

Барлық жаңалықтар