Қазақстандықтар соғыс аймағынан елге қайтарылды – заңгер Тоқаевқа алғыс айтты

Қазақстандықтар соғыс аймағынан елге қайтарылды – заңгер Тоқаевқа алғыс айтты

Заңгер Мейірман Шекеев Ресейге жұмыс істеуге барып, туыстарының айтуынша, Украинадағы соғысқа тап болған қазақстандықтардың елге оралғанын хабарлады. Бұған дейін отанына қайтуға көмектесіп жатқан 13 азамат туралы ақпарат тараған еді. Заңгер олардың бір бөлігі Қазақстанға жеткенін айтып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлеріне және азаматтарды елге қайтаруға атсалысқан барша жанға алғысын білдірді, деп жазады Democrat.kz.

Заңгер Мейірман Шекеев Ресейге жұмыс істеуге кеткен, алайда кейін Украинадағы соғыс аймағында қалған қазақстандықтардың елге оралғанын мәлімдеді.

Бұған дейін Ресейге табыс табу мақсатында барған 13 азаматты Қазақстанға қайтаруға көмек көрсетіліп жатқаны хабарланған болатын. Заңгердің айтуынша, олардың бір бөлігі қазірдің өзінде елге оралған.

«Бұл қуанышты сөзбен жеткізу мүмкін емес. Эмоция тасып тұрғанда, не айтарыңды да білмей қаласың», – деп жазды Мейірман Шекеев Instagram парақшасында.

Сондай-ақ заңгер азаматтарды елге қайтаруға қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлеріне және осы іске атсалысқан барлық азаматқа алғыс білдірді.

Барлық жаңалықтар