Threads әлеуметтік желісінде ресейлік әзілкеш Нұрлан Сабыровтың тағы бір масқара тірлігіне қатысты қызу пікірталас басталды деп жазады Democrat.kz.
Өзін ресейлік революционер деп таныстырған Валерий Клименченко ресми мәлімдеме жасады. "Нұрлан Сабыров "Вагнер" террорлық ұйымын қаржыландырды деп ресми мәлімдеп, ресми айыптау шағымын түсірдім" деген ресейлік революционер Нұрлан Сабыров туралы деректерді жариялады.
Бұл жазбаға қатысты желі қолданушылар қызу пікірталасты бастады. Бір тарап "дұрыс, жазасын алсын" десе, бір тарап "анығын нақтыллау керек, жала жабылып жатыр" деген пікірлерін жазуда.
