Танымал әнші Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовті еске алып, кезекті бір сұхбатында жұртқа беймәлім бір құпияны айтты деп жазады Democrat.kz.
Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі үнемі түсіне кіретінін айтып: "Түсімде үнемі бір жаққа асығып, жүгіріп жүреді. "Тезірек кетуім керек" дейді де кетіп қалады. Рухы тыныш таппағаннан ғой...
Зәкеңнің денесін жуғандардың бірі оны қатты ұрған, белінің үш жерінде сынығы болды дегенді айтты. Сонда кәдімгідей теуіп тұрып, атқан ғой..."Өзін өзі атпады" дегенді алып тастап, кім өлтіргені ашылса, рухы тыныштық табар еді", дейді.