Атырауда үш ер азамат ізім-қайым жоғалып кеткен

Атырауда үш ер азамат ізім-қайым жоғалып кеткен

Атырау облысында үш ер азамат жоғалып кетті. Полиция тұрғындардан олардың жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болса, хабарлауды сұрайды деп жазады Democrat.kz.

Полицияның мәліметінше, Ринат Мұқаев, 1981 жылы туған. 2026 жылғы 14 маусым күні сағат 10:00 шамасында Атырау қаласындағы Мұнайшы ықшамауданындағы үйінен шығып кеткен. Содан бері оралмаған.

Нұрлыбай Тұңғатаров, 1979 жылы туған.
2026 жылғы 29 наурызда Ақтөбе облысындағы «Шыбұлақ» шаруа қожалығынан шығып кетіп, хабар-ошарсыз жоғалған.

 Қуандық Шүкіралиев, 1991 жылы туған.
2026 жылғы 11 ақпанда Қызылқоға ауданының Миялы ауылындағы үйінен шығып кетіп, осы уақытқа дейін оралмаған.

Барлық жаңалықтар