"Назарбаев әкемнің арқасында президент болды" деген Шыңғыс Айтматовтың ұлы жұрт білмейтін құпияны жайып салды

"Назарбаев әкемнің арқасында президент болды" деген Шыңғыс Айтматовтың ұлы жұрт білмейтін құпияны жайып салды

Қырғыз халқының атақты жазушысы Шыңғыс Айтматовтың ұлы Эльдар Айтматов өзінің кезекті бір сұхбатында үлкен тарихи жағдай туралы айтып, жұртты шулатты деп жазады Democrat.kz.

Эльдар Айтматовтың айтуынша, марқұм әкесінің арқасында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан президенті болған көрінеді.

"Қазақстанның бірінші хатшысын тағайындау туралы шешім қабылданып қойған шақта, Назарбаев әкем Шыңғыс Айтматовқа өтініш жасаған екен. 

Ол кезде М.Горбачевпен әкемнің арасы өте жақсы болған. Ал Горбачев болса, Назарбаевты жаратпаған. Оның Қазақстанның бірінші хатшысы болу туралы  кандидатурасын  қарамай тастаған. 

Әкеме "Горбачевпен кездестіруді" өтінген Назарбаевтың бұл өтінішін әкем орындаған екен. "Кездеспеймін, сөйлеспеймін" деп кесіп айтқан Горбачевті Назарбаевпен кездесуге Шыңғыс айтматов көндірген. 

Осылайша әкемнің арқасында Назарбаев Горбачевпен кездесіп, Қазақстанның бірінші хатшысы мәртебесіне ие болған", дейі Эльдар Айтматов. 

Шыңғыс Айтматовтың баласының бұл сөздері қызу талқыға түсті. "Бекер кездестірген", "ой, өтірік бұл", Айтматов өтірік сөйлемейді", "мынау не айтып тұр?", "Айтматов емес, Олжас Сүлейменов кездестірген", "өкінішті" деген сияқты пікір жазған жұрт өзара тартысып бастады. 

Барлық жаңалықтар