Әлеуметтік желіде біраз уақыттан бері шенеуніктердің "тоқал кейсіне" қатысты пікірталас жүруде деп жазады Democrat.kz.
Еске салып өтейік, бірер апта ішінде қоғамды шулатқан әкімдік қызметкерлерінің көңілдес әйелдермен байланысына қатысты шулы ақпарат жарияға шыққаны мәлім.
Ең шулы мәселе Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайға қатысты болғаны мәлім. Нұрдәулет Қилыбай экс депутатпен әуейі болып, нәтижесінде өмірге бала келіп, бірақ ол баланы "менікі емес"деп біразға дейін дауласты.
Алайда сот Ынташ Наурызовадан туған Әмірені "Нұрдәулет Қилыбайдың баласы деп тануды және алимент төлеуді міндеттеуге" шешім шығарды.
Ел басқарған азаматтың осынау әрекеті басқаларға сабақ болуы керек. Сонымен қатар ел алдында жүрген кісілердің мұндай қылығы шенеунік деген атына да, азамат деген атына да сын екені сөзсіз.
Осыған ұқсас пікірді танымал журналист
Мөлдір Бақыт та айтады.
"Қилыбай мен Берденов кейсі басқаларға сабақ болуы керек.
Көңілдес, тоқал, қырындау, некесіз бала. Әйелмен байланысты скандал бір мезетте екі бірдей әкімнің(бірі орынбасар) иммиджін күл талқан етті.
Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысының әкімі. Көңілдесі туған баланы мойындамай, іс сотқа жетті. Ақыры үш жасар ұлға тегін/фамилиясын беріп, 18 жасқа дейін алимент төлеуге міндеттелді.
Қилыбай енді қанша тыраштанса да, абыройы қалпына келуі екіталай. Сазбеттеніп жүре берер. Бірақ, шенеунік ел алдында “саяси өлікке” айналды. Осы жерде оның өз еркімен қызметтен кеткені жөн деген бірнеше пост жазылды.
Шыны керек, ел-жұрт әкімнен жиіркеніп кетті.
Ал Берденов кейсіне келсек. Мүмкін жала. Мүмкін кей детальдары рас. Бөтен әйелге лайк басып, пікір жазудың өзі араға от салатынын осы оқиғадан көріп отырмыз(айыпталушының мәлімдемесі).
Қазіргі уақытта харрасмент ұғымы кеңінен тарап жатыр. Бұған да төзбеушілік мәдениеті қалыптасып келеді. Тіпті, заңға жазалау тетігі де енгізілді.
Енді, “қызға кім қырындамайды, қымызды кім ішпейді” деген әңгіме өтпейді. Заң басқа, заман басқа. “Ағай” деп қиылып, көндігіп, көңілдес болып жүре беретін Х ұрпақ (80-жылдарға дейін туған) келмеске кетті.
Миллениалдар мен Z ұрпақ өз құқығын біледі. Есесін жібермейді. Ар-ожданын таптатпайды. Сыни пайымы бар, көзі ашық одан да бетер ұрпақ өсіп келеді.
Шенеунік «мемлекеттің бет-бейнесі».
Адамдар билікті әкім-қаралардың іс-әрекетіне қарап бағалайды. Егер шенеунік жеке өмірінде лас/аморальный тірлікке барса, қызмет барысында да заңды бұзуы оп-оңай.
Солай, халықтың да сенім лимиті бар" деп жазды Мөлдір Бақыт.
Сонымен қатар осы тақырыпқа қатысты журналист Халима Тәжіқұл да, Нәзия Жоямерген де төмендегідей пікірлерін ортаға салды.