Шымкенттік пышақталған қыз Нұрайдың ағасы Серікбай Сұлтан марқұм қарындасына қатысты ақымақтың сөзін жазған кей кісілерге реніш білдіріп, мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.
Серікбай Сұлтан өзінің әлеуметтік желі парақшасында: "Әртүрлі пікір жазатын адамдарға айтарым: 1) Құдай сіздердің бастарыңызға бұндай қайғы бермесін; 2) Өмірлеріңіз көркейіп, күндеріңіз жарқын болсын; 3) Әр қашан күлімдеп, отбасыларыңызда тек той болсын.
Бірақ, ата-ана жайлы жаман сөздер мен сөгістерді жазбауларыңызды сұраймын. "Ата-анасы қайда қарап жүр?" деп пікір қалдырмаңыздаршы. Ол кісілер бәрін оқып, қарап отырады. Қайғыға қайғы қоспай жүректі қыспаңыздар.Кінә менен, сол үшін Сұлтан жаман деп жазыңыздар, ата-ананы араластырмаңыздар.
Сіздер толық қандай ситуация болғанын білмейсіздер, оны уақыты келе айтамыз. Ең бастысы "Резонанс" туғызу, әйтпесе қараусыз қалып жатқан істер өте көп.
Сол үшін қолдау білдірсеңіздер нұр үстіне нұр.Осы оқиға біздің қоғамның "Айнасы", іс қалай аяқталса біздің орта соған сәйкес деген сөз.
"Бұл өте маңызды әрекет". Қолдап жатқан жандарға басымды иемін.Құдай жүректеріңізге жылулық берсін!"деп жазды.