Әнші Тамара Асар парақшасында алдағы жоспарымен бөлісті деп жазады Democrat.kz.
"Әр ізге есеп беріп басып өткен,
Болайын қанағатпен нысапқа асық.
Құдайдың құтты күнін нәсіп еткен
Қамықпай қарсы алайын құшақтасып.
Күн кешсе кедейленер бір жақты адам,
Өткізбей берекесіз құр ғұмырды.
Тірліктің мәні бар ма ЫРЖАҚТАҒАН
Тіріңде демеспесең бір-біріңді.
Көз жасы жанарымның жасырынған,
Жүрегім жайда жүрмін жарылатын.
Е, АЛЛА құтқара гөр қайғы-мұңнан
Сабыр мен күш қуат бер арылатын
Ардақты АҒАЙЫН!!!
Асекең досымның осы өлеңімен өздеріңізбен қайта қауыштым
Баршаңызға рахмет
Сіздердің әрбір жылы сөздеріңіз менің жаныммен тәнімді емдейді.
Мен Жұмашты емдеймін.
Сөйтіп демесіп, күйбің өмірдің үйірінің жүрісіне ілесіп кету үлкен сауап…
Айғайлап ән айтқым келеді.
Дуылдаған ыстық овацияны естігім келеді.
Кеудеме қолымды қойып, көрерменіме басымды иіп,ұзаааааақ уақыт тізе бүгіп тұрғым келеді.
Көрсетпеуге тырысып, тамаққа тығылған,әлдебір араласкүйдің көз жасына булыққым келеді.
Көрерменнен келген хошиісі бұрқыраған гүлдерді құшақтағым келеді.
Сахнаның артында әр тесікпен есіктен сығалап соққан желдің өткірлігінен, жауырыннан сорғалап аққан терге, тоңғым келеді…
Махаббат ӨМІР-Жұма жібек…" деп жазған әнші өз парақшасында.