Мемлекет басшысы "2025 жылы қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру туралы" Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Democrat.kz. Ақордаға сілтеме жасап.
Биыл жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық:
- "Проза" номинациясы бойынша "Тергеуші" туындысы үшін Арман Ерланұлы Әлменбетке;
- "Поэзия"номинациясы бойынша"Құмдағы хикая"өлеңдер жинағы үшін Саян Кенжеғалиұлы Есжановқа;
- "Драматургия"номинациясы бойынша"Ақ киіз"драмалық шығармасы үшін Бауыржан Ширмединұлы Мұстафиевке;
- "Балалар әдебиеті"номинациясы бойынша"Жазда атамның ауылында..."өлеңдер жинағы үшін Асылан Біржанұлы Тілегеновке берілді.