"Тренд-директор" қуанышты жаңалығымен бөлісті.

"Тренд-директор" қуанышты жаңалығымен бөлісті.

Тиктокер директор Ақмоншақ Нұртаза ерекше жазба жариялап, сүйінші жаңалығымен бөлісті  деп жазады  Democrat.kz. 

"25 қазан – мен үшін ерекше күн.
Бұл күн – Республика күні, әрі менің әкемнің туған күні. Осы екі қуанышты мереке тоғысқан сәт мен үшін әрдайым ерекше мәнге ие еді. Ал биыл бұл күн бұрынғыдан да ерекше – мен алғаш рет “Шапағат” медалімен марапатталдым.

Қуаныш пен сағыныш қатар жүр. Қатты қуанайын десем – әкем жоқ, қуанбайын десем – еліме сіңірген еңбектің еленуі көңілге жылу ұялатады.
Әке, сен қызыңмен мақтанар едің… тек бұл күнді өз көзіңмен көре алмай кеткенің ғана жүректі сыздатады.

Медальдың мағынасына үңілсем, “белсенділік пен мейірімділік үшін” деген сөздер көзіме бірінші түсті. Сол сәтте жүрегім елжіреп кетті – бұл ұғымдар менің өмірлік ұстанымыммен үндес.
Білім саласындағы белсенділігім – ол тек менің еңбегім емес, бұл – ұжымымның бірлігі, ата-аналардың сенімі, оқушыларымның табысы және халықтың қолдауының көрінісі.

Марапаттың ең қымбаты – халықтың сүйіспеншілігі мен сенімі.
Ал ең үлкен бақыт – елге қызмет ету.

Президент жарлығымен “Шапағат” медалімен марапатталу – мен үшін зор құрмет, жүректегі елге деген махаббат пен адал еңбектің куәсі. 

Мереке құтты болсын!
Патриот тұлғаларды тәрбиелеу – біздің парызымыз, еліміздің болашағына қосқан ең үлкен үлесіміз." деп жазды Ақмоншақ Нұртаза өзінің парақшасында. 

Барлық жаңалықтар