6 жастағы якутиялық жас әнші «Домбыра» әнін қазақ тілінде айтты

0
27

Якутиялық жас әнші Архан Уйгу желіде «Домбыра» музыкалық бейнебаянын ұсынып елді тәнті етті. Ән үш: якут, қазақ және ноғай тілдерінде орындалған, деп мәлімдейді Democrat.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Арханның әкесі де кішкентайынан түрлі халықаралық фестивальдерге қатысып, рок топта өнер көрсеткен. Бұл әнді ол 2015 жылы түркі тілдеріндегі бірнеше нұсқасын естіген. Ал Архан дүниеге келген соң оның отбасы Қазақстанға көшіп келген.

“Архан кішкентайынан әкесінің қасында дайындықтарына еріп жүріп, әуенді бойына сіңіріп өсті. Ол сөйлеп жүруден бұрын, қосылып әуендетуді үйренді. Ол балабақшаға барып жүріп қазақ тілін үйренді. Сөйтіп бір күні “неге олардың тілдері біздікіне қатты ұқсайды” деп сұрады. Оған қазақ пен саха ұлтының бауырлас ел екенін, әлемде бір-біріне бауырлас түркі халықтарының көп екенін түсіндірдік”, – деп жазды желіде.

Арханға домбыра әкеліп берген кезде оның әкесінің есіне осы “Домбыра” әні түскен. Ол ән байқауларына қатысар кезде осы әнді орындау туралы ойлаған.

«Клип арқылы біз түркі халықтарының жас ұрпағы өздерінің ата-бабаларын еске алып, уақыт пен сынаққа қарамастан тарихты бағалайтынын айтқымыз келді. Ән бауырлас халықтар арасындағы байланысты нығайтады, жылы қарым-қатынас пен бірлікті сақтайды», – деді авторлар.

Клиптің режиссері атақты якут режиссері Ларри Яковлев болды.

Әннің авторы-танымал ноғай композиторы – Арсланбек Султанбеков.

6 жасар Архан Уйгу 2024 жылы «Азия балалары» ойындарының жабылуында өнер көрсеткеннен кейін бүкіл республикаға танымал болды.