"Міндеттісіздер!"деген Арон Атабектің қызы маңызды мәлімдеме жасады

"Міндеттісіздер!"деген Арон Атабектің қызы маңызды мәлімдеме жасады

Қоғам қайраткері, марқұм Арон Атабектің қызы Алма Нұтушева әлеуметтік желіде тарихи баяндамаға қатысты маңызды мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz. 

Ол 1989 жылы Мәскеуде Мұхтар Шаханов оқыған атақты баяндаманың шын авторы кім екенін айтып, әкесінің еңбегі ескерусіз қалғанына налыды.

Алма Нұтушеваның айтуынша, Желтоқсан оқиғасына қатысты шындықтың ашылуына және қатысушылардың ақталуына тікелей ықпал еткен тұлға – Арон Атабек. Алайда, өкінішке қарай, қайраткердің өзі қайтыс болғаннан кейін де әлі күнге дейін толық ақталмаған.

«Арон Атабектің тіпті қайтыс болғаннан кейін де ақталмағаны әлі күнге дейін қоғамда үлкен дау тудыруда!

Арон Атабектің арқасында адамдар Желтоқсан оқиғасынан кейін репрессия құрбандары мәртебесіне ие болды! Кремльде Мұхтар Шаханов оқыған хаттың авторы – сол кісі. Арон мен Рашид Нүтішевтер бастарын қатерге тігіп, Мәскеуге сол қауіпті сапарды ұйымдастырды. Бұл тарихтың ағымын түбегейлі өзгертті!

Қазір Қайрат Рысқұлбеков сияқты қатысушылардың (Барлық қаза тапқандардың жатқан жері жайлы болсын! Иманды болсын!) атымен көшелер аталады. Ал Арон Атабек ше? Егер ол болмаса, ЕШТЕҢЕ де болмас еді!

Менің әкем, оның ағасы Рашид, Хасен Қожахмет 1986 жылы алаңға алғашқылардың бірі болып шықты! Арон Атабек қаза тапқандарға ас беріп, осы оқиғаларға әділ саяси баға беруді бірінші болып талап етті.

Арон Атабектің арқасында Алматы қаласының Алатау ауданы құрылып, бүгінге дейін көркейіп келеді! Оның өмірінің құнымен мыңдаған отбасы үйлерін заңдастырды! Бұл енді басқа тарих... Қанды Шаңырақ тарихы. Қазақстан үшін маңызы кем емес тарихи кезең!

Есте сақтаңдар, адамдар! Ұмытпаңдар, жерлестер!

Желтоқсандықтар, қаһармандық мәртебелеріңіз үшін кімге қарыздар екендеріңізді ұмытпаңыздар! Егер Арон Атабек болмаса, мемлекеттің алдында сол қылмыскер күйінде қалар едіңіздер!

Шаңырақтықтар, баспаналарыңыз бен амандықтарыңыз үшін кімге қарыздар екендеріңізді есте сақтаңыздар! Егер Арон Атабек болмаса, үйлеріңіз жермен-жексен етілер еді! Ал балаларыңыз аш-жалаңаш көше кезіп кетер еді!

ЕСТЕ САҚТАҢДАР! ЖӘНЕ АРОННЫҢ РУХЫНА ДҰҒА ЕТІҢДЕР! БҰЛ – ОНЫҢ АЛДЫНДАҒЫ ЕҢ ТӨМЕНГІ БОРЫШТАРЫҢЫЗ! ЕҢ ТӨМЕНГІ!!!

Сіздер оның басына ескерткіш орнатуға МІНДЕТТІСІЗДЕР! Осылайша оның еңбегін ескеріп, құрмет көрсетесіздер! Бұл адам сіздер үшін жанын қиды! Ол – қаһарман! Ертең оның өмірбаянын балаларыңыз бен немерелеріңіз мектептер мен жоғары оқу орындарында оқитын болады!», – деп жазды Алма Нұтушева әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Барлық жаңалықтар