"Елбасы марапаттаған" актер аузына келгенді айтып, жұртпен салғыласып отыр

"Елбасы марапаттаған" актер аузына келгенді айтып, жұртпен салғыласып отыр

Көптен бері әлеуметтік желіде ұятсыз сөздер жазумен жұртқа жақсы танылған актер Нұрсұлтан Жақсыген тағы бір "өнерін" көрсетіп, тағы бір дүниесімен мақтанды деп жазады Democrat.kz.

Өзінің әлеуметтік парақшасында "Елбасымыздан осындай марапат алғам, сендер комент жазып көттерің ашып жүргенде"деп жазып, фотосын жариялаған актердің басы тағы дауға қалды. 

Өзіне пікір жазған жұртпен салғыласуды әдетке айналдырған Нұрсұлтан Жақсыген бұл жолы да әдетінен жаңылмады. 

Елбасыдан алған марапатына лайық болғанын көрсетудің орнына, керісінше, оқырмандарына ұятсыз сөз жазып, ол аз десеңіз,бұрынғы әйелі туралы, "оның әке шешесінің үйі жоқ, қаңғып жүр" деп жағымсыз дүниелер жазуда. 

"

 

Барлық жаңалықтар