"Хабар" арнасында өткен "Қоғам пікірі" бағдарламасында әскердегі тәртіпсіздік мәселесі сөз болып, проблеманың себебі айтылды деп жазады Democrat.kz.
Бағдарлама кезінде депутат Болат Керімбек қазіргі әскердегі тәртіпсіздікке қатысты пікір білдіріп, бұл пәнді оқытушы мұғалімдерге кінә артты.
"Неге біздің жастар мектеп бітірген соң, әскерге барғысы келмейді? Біз осы сұрақтың жауабын іздеп, зерттеп көрдік.
Мұның себебі барлық мәселе мектеп қабырғасындағы осы пәннің дұрыс оқытылмауынан болып шықты. Ал осы пәннің мұғалімдерінің жартысынан көбі әскерде болмағандар екен"деп кезінде өздері алғашқы әскери дайындық пәнінде оқыған сәттерді еске алды.
Депутат Болат Керімбектің өзі де солдат болып, әскерге бармағанына қарамастан, әскердегі проблема туралы пікір айтқаны, қызық.
Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен депутаттың сөзіне мұғалімдер қауымы реніш білдіріп, ал былайғы жұрт "шенеуніктердің балалары неге әскерге бармайды?" Деген сұрақты қоюда.