Әр жылда қаралы, тарихи оқиға Желтоқсанға қатысты түрлі деректің шеті шығып жатады. Биыл да сондай қорқынышты дерек әлеуметтік желіде жарияланып, қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Гүлнара Лепесбаева атты желі қолданушы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде болған сұмдық жағдайды айтып, фото жариялады.
"Жатақананың бірінші қабатында басшылармен бірге тұрып бөлме бөлмелерді аралап түсін түстеп аты-жөнін айтып бірге жүрген. Бес қызды ұстап берген Үміт Босманова"деген Гүлнар Лепесбаева кейіпкердің фотосын да жариялады.
Threads әлеуметтік желісінде осы дерекке қатысты жұрт арасында қызу талқы жүріп жатыр. Біреу "аты жөнін, фотосын жариялап керегі не" десе, енді бірі "дұрыс, халық кімнің кім екенін білсін" дейді.
Мұнан бөлек, жұрт қыздарымызды қаралы оқиғада ұстап берген кісіні "сатқын" деп, ауыр сөздер де айтуда.
