7 сынып оқушысы 1 сыныптың баласын зорламақ болған

0
32

Журналист Оңғар Қабден өзінің әлеуметтік желі парақшасында тәрбиесі дұрыс емес балаларға қатысты дабыл қағып, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

«Баласына қарамайтын, тәрбие бермейтін ата-аналарды соттаудан басқа амал қалмаған сияқты.

Баласы жел шығарып қойса да мұғалімнің басына әңгіртаяқ ойнататын әке-шешесі үйдегі тәрбиесіне неге жауап бермейді?

Павлодар облысы, Железинка ауданы, Есқара ауылында 7 сынып оқушысы 1 сынып оқушысын мектептің ішінде зорламақшы болған.

Бүлдіршінді шыңғыртып ұстап, шалбарын шешіп жатқанда басқа оқушылар келіп қалып, арашалап алыпты. Баланың әрекеті бейнебақылау камерасына түскен.

Қырық оқушы ғана оқитын шалғайдағы ауылдағы жағдай мынандай! Қала туралы ауыз ауыртпасақ та болады.

Шұғыл түрде баланың ата-анасын жауаптайтын қатаң заң керек! Кешегі «еті сенікі, сүйегі менікі» дейтін білім жүйесіне көшеміз-ау?» деп жазды журналист.

Фото көрнекілік үшін.