Алматыда 7 жасар қызды жүк көлігі басып кеткен

Алматыда жүк көлігі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жеті жасар қызды қағып кетті. Оқиға салдарынан бүлдіршін жан тапсырды. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан қорқынышты кадрлар пайда болды.
«Renault жүк көлігінің жүргізушісі Бұрындай көшесімен батыс бағытта келе жатып, Новая көшесімен қиылыста жаяу жүргіншілер өткелі бойымен жолдан өтіп бара жатқан жеті жасар қызды қағып кетті. Өкінішке қарай, бала оқиға орнында қайтыс болды», — деді Алматы ПД баспасөз қызметі өкілі.
Адам өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
«Қажет сараптамалар жүргізіледі», — деп жазылған хабарлмада.