«Анамды өлтірмедім!» деген діндар қандай қадамға баруға мәжбүр болғанын айтты (ВИДЕО)

ТикТок әлеуметтік желісінде тараған видеода Бекболат Тілеухан жұрт алдында «кінәсізбін» деп ақталды деп жазады Democrat.kz.
«Анамды өлтірмедім! Анамды өлтірген жоқпын! Ғарифолла Құрманғалиевтен ән ұрламақ тұрмақ, сол «Елім менің» әніне Ғарифолла Құрманғалиевтің тамшыдай үлесі болса, құдай мені тапсын! Сирияға бір кісі жіберсем, қолымда құран тұр ғой, ант етемін. Саудиядан бір тиын ақша алмадым. Осы айтып отырғандардың бәрі қисынға келмейтін жалалар. Бұқараның есінде маған байланысты күмән қалмасын деген оймен, аса бір сәтті қадам емес шығар, бірақ осы қадамға баруға мәжбүр болып отырмын. Өйткені бұл жерде діннің, мұсылманның абыройы тұр. Ал мұсылманның абыройы — Қағба қара тасынан да қадірлі», — деді Бекболат Тілеухан.
Фото интернеттен.
Watch on TikTok