Әнші Бүркіт балаларын «нағыз мектепке» ауыстырғанын айтты

0
553

Журналист Әйгерім Сейфолламен сұхбатында әнші Бүркіт бала тәрбиесіне қатысты ұстанымын айтты деп жазады Democrat.kz.

«Балаларым элиталық жеке мектепте оқитын. Бір сыныпта 13-15 бала ғана оқиды. Барлық жағдайы жасалған. «3»-ке оқысаң, «4» қояды. Ақылы мектеп деген соң, сондай болады ғой.

Алайда мен бір сыныпта 30 бала оқитын, сыртқа шыққанда «ой әкең» деп алысып-жұлысып, ортасы қайнап жатқан жай мектепке ауыстырдым.

Себебі жай мектеп нағыз өмірді үйрететін мектеп қой. Балаға үлкенді, мұғалімді сыйлауды, өмір сүруге бейімдеуді үйрететін — кәдімгі мемлекеттік мектеп.

«Сен жақсы баласың» деп басынан сипайтын, баланың асты-үстіне түсетін ақылы мектеп балаға өмір үйрете қоймайды», — деген әнші балаларын қазақ мектебіне ауыстырғанын айтады.

Фото интернеттен.

@tv7_kz

⚡ Балаларымды ақылы мектептен шығарып алдым 🎞Шығарылымның толық нұсқасы YouTube-арнамызда. #беркут #жетіншіарна #сырласу

♬ оригинальный звук — Жетінші арна | 7 канал