Әнші Қыдырәлі: «Махаббатымның құшағына бетпен құлап…»

0
1199

Әнші Қыдырәлі Болманов кезекті сұхбатында өткен өміріне шолу жасап, Иманғали Тасмағамбетов туралы естелігімен бөлісті деп жазады Democrat.kz.

«Бір күні Астанадан жаңа-жылға қонаққа
келген досымды шығарып салып, жаңа-жыл, 2-3 күн ұйқы қанбаған, бар ойым үйге жетіп, ұйқы деген “айырылмас махаббатымның” құшағына бетпен құлап, ұйқыны бір қандырсам.. телефон шыр етті.

Таныс емес номер. Көтердім. Ало ? Сәлеметсіз бе, Алматы әкімдігінен, Иманғали Нұрғалиұлының қабылдау бөлмесі,-Қыдырали Нұртайұлысыз ба? Иә мен.

Тыңдап тұрмын. Сізді Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағанбетов сағ. кешкі 8:00 -де күтеді,-десін. Ұйқы деген арсыздың бірі ғой, кешіріңіз.

Оның үстіне демалыс күні. Кешіріңіз, бүгін үлгермеймін,-дей бергенімде,-сіз қайдасыз ? ,-деді жұлып алғандай. Тауға шығып кетіп едім,-хабарласып тұрған азамат та осал “жау” емес екен,-сол тауға шыққан жолың бар емес пе ,-деді.

Иә,әрине. Ендеше сен айналайын сол жолмен қайтадан түсе ғой да, сағ. 9-да Имекең күтіп отырады,-десін. Сөз тапқанға қолқа жоқ,-деген.

Келіспеуге амалым болмады. 9:00-де, әкімнің кабинетінің есігін аштым. Жалпы әкімшілікке бірінші рет келуім. Иманғали Нұрғалиұлымен бірге қызмет жасау,-мен үшін жаңа әрі үлкен мектеп болды.

Бір адамның бойында қаншама қасиет бар. Білім де, білік те, пайым,-парасат,қаншама қабілет, білім,жауапкершілік, еңбекқорлық, қазақылық, ішкі мәдениет, жалпы ұлт мәдениетін риясыз қолдап, қорғап жүретін, мәдениет саласын мықты меңгерген,өте іскер, алғыр, қазақтың жан-жақты, нар тұлғалы азаматтарының бірі» деп жазды Қыдырәлі Болманов.

Фото интернеттен.