“Әр балаға 70 мың теңгеден жәрдемақы берілсін!” деген үндеулер көбейіп барады

0
200

ТикТок әлеуметтік желісінде биылғы 10 сәуірде наразылыққа шығамыз деп ұран тастаушы әйелдердің видеосы көбейіп барады, деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық сайты.

Тарап жатқан бұл бейне жазбаларда көп балалы аналар “АСП” алуды қиындатқаны үшін үкіметке талап қойып, егер сол талаптары орындалмаса, наразылық шеруіне шығатындарын мәлімдеуде.

Өзін Шымкент қаласыныңы тұрғыны деп таныстырған Балымова Ақбота: “ Көп балалы анамын. Жеті балам бар. Әр балама 70 мың теңгеден берсін! Болмаса, біз шеруге шығып, 140 мың теңге беруін талап етеміз. Неге біз “АСП” алу үшін әр үш сайын кедей екенімізді дәлелдеу үшін құжаттар тапсырып, сабылып жүруіміз керек?

Бізге оның қажеті жоқ. Не қазір 70 мың теңгеден, шеруілге шығатын болсақ, 140 мың теңгеден беруді талап етеміз!”,- деп үндеу жариялады.

Ақбота Балмованың артынша, дәл осындай видеоүндеуді Жетісу облысының тұрғыны Анар Хангелдіқызы атты келіншек жариялады. Анар Хангелдіқызының да талабы да сондай, қазірден 70 мың теңгеден әр балаға жәрдемақы берілмесе, шеруге шығып, 140 мың теңгеден беруді талап ету екен.

Осы видео-үндеуге қатысты көрермендердің бір легі “Тапқан балаңды міндетсінбе”, “Саған сонша баланы кім ту деді?” десе, ал көбісі “қолдаймыз!”, “әр балаға жәрдемақы берілсін” деп жазуда.

Әр балаға 70 мың теңгеден жәрдемақы сұраған бұл көп балалы аналар ресми шеруге шыға ма, жоқ әлде рұқсат етілмеген шеруге шыға ма, ол туралы ешбір видеода айтылмайды.

Десек те, онсыз да су тасқынынан есеңгіреп отырған халықты заңсыз шеруге шығуға шақырудың жақсы болмайтынын көзі ашық, заңнан хабары бар кез келген Қазақстан азаматы білер деген сенімдеміз.

Сонымен қатар, әр балаға 70 мың теңгеден жәрдемақы алатын болса, 4 баласына 280 мың теңге ай сайын мемлекеттен ақша алатын отбасының мүшелері жұмыс істей ме? Әрине, істемейді. Сонда елдегі жұмысты кім істейді? Бәріміз бала тауып, 300-400 мың теңгеден жәрдем ақы алып жата берсек, мемлекетіміздің жайы не болмақ?

Фото ашық дереккөзден алынды.

@erzhanshamsha

♬ оригинальный звук — Ержан