Әр мұғалім қорғауда болғысы келсе…
Мына бірінші суретті екі рет салдым. Еш реакция болмады. Сосын облыстық білім басқармасы басшыларының ауызының көмегі керек болды. Сенбейсіздер ғой. Бір күннің ішінде тап-тұйнақтай етіпті.
Бұл жәй мектеп емес. Алматы облысындағы екі тест орталығының бірі. Есік қаласы Райымбек мектебіндегі тест орталығы. Директорының айтуына қарағанда осы жерді реттеуге ЮСТАДИ өкілдері қарсы болады екен. Тест тапсыруға бөгет болады дейді шөп ору . Осы уәжге сену-сенбеуді сіздерге қалдырдым.
Мәселе онда емес. Тест орталығы арендаға алған бұрышты өзі тазалап отыру керек шығар? Үйіңді квартираға өткізген соң оның тазалығы арендаторда емес пе? Әлде қожайыны келіп тазалап отыру керек пе? Шамасы келетіні мектеп. Екі ортада мектеп ұжымы ұятқа қалып отыр.
Ұят демекші. Өткенде Қызылордада мың еркек бір қызды зорлады деген оқиға жазылған еді. Доқтыр эксперттер шықты. Қыз өліп қалады ондайда деп. Зорлау бір күнде болды деп түсінген шығар? Ол оқиға жарты жылға созылған. Енді осы оқиғаны облыс әкімі де сөз етті. Шешім де қабылдапты. Мектеп басшылары мен класс жетекшісін жұмысынан алып тастады. Дұрыс та шығар? Ол қызды іздемегені , мектепте көңіл күйіне, жүріс-тұрысына назар аудармағаны үшін кінәлі. Жас қыздың өзгерісі тез көзге түседі. Сонымен қатар ата-анасын да жауапқа тарту керек. Қызды сондай жолға мәжбүрлегендер де қылмыстық жауапқа тартылатын шығар.
Өліп қалады демекші. Ағылшынның бір актрисасы бір тәулікте 923 клиентті қабылдап, ары-қарай күйеуімен тату-тәтті өмір сүріпті. Өзінің мүмкіндігін көрмекші болыпты. Бірақ уақыты күдік туғызады. Бір жарым минуттан шығып тұр, әр клиентке. Ит жанды дей ме? Ол кезде кәзіргідей тик-ток тар жоқ. Әйтпесе тікелей тамашалап отырар ма едік.
Кешелері бері жер-жерде Digital конференциялар өтіп жатыр. Сабақты цифрлы платформада өтудің артықшылығын жарнамалауда.
Біздіңше, онлайн сабақты дамытамыз дегені.
Онлайн дегенде ковид еске түседі. Кәзірдің өзінде ауруханаларда маска режимі енгізілді. Олимпиадашыларды тура осы ковид үшін президент қабылдауы кейінге қалдырылды. Вакцинация да қайта қолға алынбақшы. Бекер емес, бекер емес деп бас шайқап қоямын. Басқа нәрсе жазсам жауапқа тартыламын ба деп отырмын.
Август мектептердің дайындығын тексеретін уақыт.
Тура кәзір 31 каналдан Іле ауданындағы №20 мектеп туралы сюжет көрсетілді. Жер сілкінді, астынан су кетті деп көктемде онлайнға кеткен еді. Содан кейін мектептің бірінші қабатындағы қабырғаларын қиратып тастаған. Қиратып тастап ештеңе істемеген. Кәзір де сол қалпында. Барып соғыс туралы кино түсірсе де болады. Жарты жылда ештеңе істемеді. 2000 бала енді үш мектепке барып оқитын болыпты. Обалы облыстық әкімдік пен білім басқармасына деп ойлаймын. Жарты жылда жаңа мектеп салуға болатын уақыт. Бұлар сол қоқыстың арасында әлі отыр.
Алматы облысынан көп педагог хабарласады. Біреулері директорының, біреулері АББ ,біреулері ОББ -ның үстінен шағым айтады. Мен не істеймін? Мен басқаратын кәсіподаққа кірсе аянбай төбелесер едім. Өздері басқа кәсіподақта. Жарнаны сонда төлейді. Соларға бар десем, толк жоқ дейді. Басшылармен ауыз жаласып кеткен. Талап етуге де қорқады дейді. Мұндай кәсіподақтың не пайдасы бар.
Мен ше? Волонтерлық қызмет бітті. Оған да нерві керек. Кезінде талайына көмектестім. Сондықтан шын қорғауда болғыңыз келсе, үш адам болса да ұйым құрып маған хабарласыңыздар. Қалай құру керек екенін жекеме шықса түсіндіремін.
Мына суретте Есік қаласындағы тест орталығының алды. Қадалған жерден қан алу дейді мұны. Ақыры тазалаттым.ОББ басқармасының басшылығы болмаса ештеңе болмас еді.
Бізде бастық айтпаса шөптің басы қимылдамайды. Шөп те орылмайды. Көктем- жаз басында балаларды қарақұрт шақпағанына шүкір деңіздер. Мына шөптің арасында олар емін еркін көбейеді. Енді ылғи бақылауда болады деп отырмын.
Сұлтан СҮЛЕЕВ, білікті ұстаз.
Facebook жазбасы.
Фото автордың парақшасынан алынды.