Баянның күйеуі “маминка” деп күлкіге қалды

0
393

Әлеуметтік желіде Баян Мақсатқызының қызық бір видеосы шықты деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы.

Видеоны Баян Мақсатқызы түсіріп тұрған сияқты. Ад камераға күйеуі Тұрсын Алагөзов жауап береді. “Тұрсын, сен енеңді, яғни менің мамамды кім деп атайсың?” деп сұрайды Баян Мақсатқызы.

“Маминка” деймін деп жауап береді күйеуі. “Маминка” сөзінің мағынасы белгісіз болса да, Тұрсын Алагөзовтің сөзінен ұққанымыз, енесін ерекше жақсы көргені үшін осылай еркелетіп айтады екен. “Дүниеде менің енемдей жақсы адам жоқ, енемді ерекше жақсы көрем” дейді Баян Мақсатқызының күйеуі.

Алайда осы видеоға қатысты пікірлерінде көпшілік “әйелінің айтқанынан шықпайтын қорқақсың”, “көмек қажет болса, белгі бер”, “подкаблучник”, “жағымпаз” деген сыңайда жаман сөздерді қарша боратыпты. Сондай-ақ Тұрсынның “маминка” сөзін күлкіге айналдырушы өте көп.

Фото ашық дереккөзден алынды.

@timurbatyrovbbbbb

#баянмақсатқызы

♬ оригинальный звук — Timur Batyrov