Бір тәуліктен кейін табылған

ТЖМ қызметкерлері Ақтөбе облысында жоғалған адамды тапты, — деп хабарлайды Democrat.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Іздестіру-құтқару операциясы Ақтөбе облысының Алға ауданында жүргізілген.
Іздеуге құтқарушылар екі жол талғамайтын ТРЭКОЛ көлігімен шыққан. Төрт сағат жол жүрген құтқарушылар ер адамды басқа шаруашылық қожалығы аумағынан тапты.
«Ер адам зардап шекпеген. Оның телефоны отырып, қарда жүретін көлігі батып қалғандықтан, бірнеше шақырым жаяу жүріп шаруа қожалығына жеткен», — деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар ер адамды Көктоғай кентіне жеткізді.