Бишімбаевтың Салтанатқа көрсеткен қорлықтары

0
287

Бүгінгі Бишімбаев ісіне байланысты өткен сот отырысында прокурор Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаевтың арасындағы байланысқа заңды сипаттама берді деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы Qumash телеграм арнасына сілтеме жасап.

▪️Олар азаматтық некеде тұрған.

▪️Әу бастан-ақ Бишімбаев қызғанышын тежей алмайтын, агерссивті, өзімшіл екенін көрсеткен.

▪️ Бишімбаев Салтанатқа достарымен, туыстарымен кездесуге, араласуға тыйым салған.

▪️Салтанаттың басқан әр ізі мен телефонындағы ірбір нүктеге дейін бақылап отырған.

▪️Материалдық тұрғыдан қамтамасыз етіп, Салтанатқа жұмыс істеуіне тыйым салған.

▪️Үнемі күш көрсетіп, қол жұмсаған.

▪️Отбасын сақтау мақсатында Салтанат ешқашан құқық қорғау органына шағымданбаған.

▪️Салтанатты интим видеосын түсірге күштеп мәжбүрлеген. Салтанаттың туыстары өзін бопсаламасын деген жымысқы ойы болған.

▪️Түннің жарымында Салтанатқа хабарласып, порновидеолар жіберіп, “бұл сен емес пе?” деп мазақ еткен.

▪️Ал оқиға болған күні Бишімбаев Салтанатты ұрып, тепкілеп қана қоймай, буындырған. Демі үзілгенше буындырған.

Осыған қарамастан Бишімбаев өз кінәсін мойындамай отыр.

Фото ашық дереккөзден алынды.