Біздің елде бизнесті де басқалар басқарып отыр

0
24

Бір танысым айтады. Өзбекстанға барамын. Кәсіпте жүргендердің көбі өзбектер. Арменияда, Қырғызстанда, Грузияда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда бәрінде солай. Көбінесе жергілікті халық бизнесте.

Бізде ғана кез келген кәсіптің басына шықсаң Ресейліктер, түріктер, қытайлар қаптап жүреді. Неге екенін білмеймін деген еді.

Көп адам лудаманиямен ауырады ғой. Осы үшін қаншама адам қайтыс болды. Жеке өзімнің 4 танысым дәл осы лудаманияның кесірінен өздеріне қол жұмсады. Біреуі кешіріңдер мен осыны жеңе алмайды екенмін.

Қаншама тырыстым болмады деп хат та қалдырған. Енді біздегі букмекерлер мен казиноларды қарасаң көбісінің иелері Ресейліктер.

Бір ғана қазақтың казиносы болған екен. Ол да өз казиносын басқа казинода ұтылып қалыпты деп естідім. Сырт көзге де жарнамаланып жатқан букмекерлердің иелері Ресейліктер екені көрініп тұрады.

Қазақстандағы техника мен құрылыс заттарын сататын дүкендердің де көбі Ресейдікі. Түріктер де мұнда келіп, Қытайдан заттар әкеліп қазақтарға сатып байып отыр.

Қытайлардың да Қазақстанға келетіндері сіңірлері емес. Бизнесмендері. Сіңір Қытай жыл 12 ай жаз Қытайын тастап олардан да сіңір Қазақстанға өлсе келмейді. Келсе де Қытайдағы айлығынан 4-5 есе көп төлесе ғана келеді.

Біз неге кәсіпке икемсізбіз? Заң бәріне ортақ. Әлде Трамп сияқты протекционизмді қосу керек па? Яғни жергілікті халықты қолдау керек па екен?

Қазақстанда расында да қазақтар көбінесе жалдамалы жұмысшылар. Бір бірімізді қолдамаймыз ба? Неге солай екен? Бір компанияның өкілі айтады. Әлемдік брендті барлық елге сатамыз. Бәрінде өз халқы. Маржаны аз қойып сатады.

Қазақстанда ғана өзге ұлт иелері дилер болып алған. Бұлар бағаны аямай қосады. Осыған жүрегім ауырады дейді. Әрине өзге ұлттар Қазақстанда кәсіппен айналысқан соң бізге қайдан жаны ашысын?

Сәбит РЫСБАЕВ, экономист.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.