Біздің құқығымызды ЛГБТ-лар қорғап жүр ме?

Магеррам Магеррамов деген депутат бар. Сол депутат бүгін USAID қызметіне қатысты сауал жолдады. Аталған агенттіктің бөлген қаражатының Қазақстанда жұмсалып жатқан бағытына наразы.
Депутаттың алаңдауы бекер емес. Күні кеше ғана Ақ үйдің ресми сайты USAID агенттігі «зиянды жобаларға» қаржы бөлгенін мәлімдеп, бірнеше мысал келтірген еді. Мәселен, Колумбияда «трансгендер операсы», Перуде «Трансгендер комиксі», Гветамалада «жыныс ауыстыру» және «ЛГБТ» насихатына қомақты қаражат жұмсапты.
Тіпті, Ауғанстанда мак өсіру мен героин өндірісіне қажет каналдарды салуға грант берген деседі.
Мұның бәрі АҚШ-тің ішкі мәселесі деп қоя салуға болатын еді.
Алайда USAID-тің Қазақстанға бөлген қаражаты осындай біртүрлі жобаларға жұмсалып жатқан көрінеді. Магеррам Магеррамовтың айтуынша, 2022-2025 жылдары USAID Орталық Азияда адам құқығы мен теңдікті насихаттауға 2 миллион доллар бөлген.
Онда тұрған не бар дейтін шығарсыз? Атауы жап-жақсы. Қай кезде де адам құқығы мен теңдік керек.
Дегенмен осы грантты «Еуропа лесбилер, гейлер, бисексуалдар, трансгендерлер мен интерсексуалдардың халықаралық ассоциациясы» ұтып алыпты.
Бәрі қалыпты да, енді жетпегені құқығымызды ЛГБТ-лардың қорғауы еді. Кез келген қазақ әлгі аталған немелер құқығын қорғағаннан құл болып жүргенді дұрыс көреді.
Бәсе, біздің елде ұлттық құндылықтарымызға жат дүниелерді насихаттайтындар неге көшеге шығуға құмар десем, осындай астары бар екен ғой.
Уақыт ауыстыру мәселесі, лгбт өкілдері шауып жүреді. АЭС-ке қарсылық, олардың қатарында солар бар. 8 нацрыз жақындаса митингілетеміз деп Алматыны шулатады. Сөйтсем, бәрі шетелден алған грантын жабу екен ғой.
Гейлерді қырсын, жойсын демеймін. Бірақ олардың көшеге шығып айғайлап, ұрпағымыздың санасын улауға қарсымын.
Сондықтан депутат дұрыс дүниені көтеріп отыр деп есептеймін. Шетелден берілетін гранттардың қандай мақсатта жұмсалып жатқанын бақылау қажет.
Оңғар ҚАБДЕН, журналист.
Facebook жазбасы.
Фото интернеттен.