Бұл заң оқушының жүкті болу жағдайын көбейтпей ме?

0
259

Қазақстанда бала туу жасы енді заңмен бекітіледі. 15 пен 49 жас аралығындағы қыз-келіншектер «репродуктивті жаста» болып саналады деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.

Бұл ұғым халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі кодесіне енгізіледі. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 42 жастан кейін қыз-келіншектердің босануы қиындайды.

Мұны клиникалық тәжірибе көрсеткен. Жыл сайын репродуктивті клиникаға 49 жастан асқан 25-30 әйел жүгінеді екен. Бұл әйелдер 10-12 жыл бұрын қатырып қойған жұмыртқа клеткасын қолданады немесе экстракорпоральды ұрықтандыру жасайды. Өткен жылы ЭКО-ның қызметіне 28 әйел жүгініп, оның жартысы босаныпты.

40 жастан асқан әйелдің балалы болу проблемасы түсінікті. Алайда 15 жас дегенді қалай түсінбек керек? 15 жастан бастап балалы болуға заңмен рұқсат етсе… Бұл қалай болғаны?

15 жастағы қыз мектептің шамамен 8-9 сынып оқушысы болатынын, қазірдің өзінде мектеп жасындағы қыздардың жүктілігі деген проблема барын ескерсек, мына заңнан кейін жағдай қалай болмақ?

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.