Бұрынғы әйелін боқтап 350 мың теңге айыппұл төледі

0
110

“Не молчи” қоғамдық ұйымы әйелін боқтап хабарлама жазған еркекке жаза кесілді деп хабарлады.

Қоғамдық ұйым бұл үлкен жетістік екенін айтып, “әйелін сабаған еркекке жаза кестіру бізге өте қиын еді, ал мына жағдайға шынымен қуанды” деп жазды.

Жағдай қалай болған? 2022 жылы күйеуінен ажырасып кеткен келіншек Алматы қалалық прокуратурасына бірнеше рет шағым түсіреді. Бұрынғы күйеуі өзінің мазасын алып, тыныштық бермейтінін айтады. Алайда әйелдің шағымдары басты назарға алына қоймайды.

2023 жылғы тамыз айында бұрынғы күйеуі түн жарымда 13 дыбыстық хабарлама жібереді. Дыбыстық хабарлама боғауық, балағат сөздерге толы. Айтылған бүкіл сөзді психолог, филолог, лингвист сараптап шығады. Дыбыстық хабарламадағы сөздер:

«Так, что б…дь, что б…дь, 33-летняя дура, ты уже з…ла меня», «Ты завтра обосрешься с..а», «д..а ты», «Э, қ…ң басы н….й ты 150 «тратишь, мал б…дь», «И детей с..а на себя оформлю б…дь м…зь», «Ты ф..ло, по рукам пойдешь б..дь, бочонковская б…дь», «Что ты б..дь, что твои родственники», «мал ты б..дь», «Ты д..я чего насмотрелась б..дь д..а»

Осы шағым бойынша істі қараған судья К.Дуанбекова әлгі еркектің хабарламасына қатысты қылмыстық істің 131 бап, 1-тармағы бойынша іс қозғап, моральды өтемақы ретінде 200 мың теңге, ал адвокаттар қызметі үшін 150 мың теңге төлеттіруге шешім шығарды.

Телефоныңызға келген балағат, ауыр сөздер үшін де жазаланатыныңызды ұмытпаңыз.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.