Бюджеттен жымқырылған миллиардтар

0
71

Қаржы мониторингі агенттігінің дерегінше, қазір 111 ақша жымқыру фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды?

ҚМА басшысы Дмитрий Малахов бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша отырыс өткізді. Мониторинг барысында көптеген заң бұзушылықтар анықталғаны белгілі болды.

Бюджет

Мысалы, 300 млрд теңгеден асатын құны бар 35 мемлекеттік жоба бойынша бағалардың көтерілгені анықталды. Қазір олардың құны шамамен 45 млрд теңгеге қысқартылды.

19,2 млрд теңге сомасына бюджет қаражатын жымқырудың 111 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Алаяқтық

«Азаматтарды алаяқтық схемаларға тартылудан қорғау мақсатында қаржы пирамидаларын ұйымдастырушыларға қатысты 22 тергеу басталды. Алдын алу шарасы ретінде заңсыз контентке 14 мың сілтеме бұғатталып, 100-ден астам заңсыз чат пен аккаунт жойылды», — деп хабарлады ҚМА.

Жалпы, қылмыстық істер бойынша өтемақы 3,5 есе (48,3 млрд теңгеден 164,4 млрд теңгеге дейін) ұлғайды, оның ішінде «қолма-қол ақша» 7 есеге (11 млрд теңгеден 79 млрд теңгеге дейін) өсті.